Сауда саласына салынған инвестиция көлемі 22,3% өсті

Сауда саласына салынған инвестиция көлемі 22,3% өсті
фото: ortcom.kz

Оң динамика бірқатар өңірлерде байқалады. Әсіресе Солтүстік Қазақстан және Қарағанды облыстарында, Шымкент қаласында, Қостанай облысында, Абай облысында, Маңғыстау облысында және Алматы қаласында өсімнің жоғары қарқыны тіркелді. Сонымен қатар, Алматы инвестициялық белсенділіктің ірі орталықтарының бірі болып қала береді: жеті айда қалаға 204,3 млрд теңге  инвестиция тартылды. Елеулі инвестиция көлемі Түркістан облысында да тіркеліп, 88,7 млрд теңгені құрады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Инвестициялардың экономикалық қызмет түрлері бойынша құрылымында ең үлкен үлес көтерме және бөлшек саудаға  тиесілі – 246,6 млрд теңге. Іргелес бағыттар бойынша да қомақты инвестициялар қаржы және сақтандыру қызметіне, жылжымайтын мүлікті жалға беру және басқаруға, сондай-ақ ғимараттарға қызмет көрсету мен аумақтарды абаттандыруға бағытталуда.

Оң динамика іскерлік белсенділіктің артып, сауда саласының инвестициялық базасының кеңейіп келе жатқанын көрсетеді. Жаңа инвестициялар сауда инфрақұрылымын дамытуға, сауданың заманауи форматтарын кеңейтуге және кәсіпкерлер үшін жаңа мүмкіндіктер қалыптастыруға бағытталуда.