Сарыарқа ауданында автосервис өртенді

Сарыарқа ауданында автосервис өртенді

Бүгін таңертең елордалық өрт сөндірушілер Астананың Сарыарқа ауданында орналасқан автосервистегі тілсіз жаумен арпалысты деп хабарлайды astana-akshamy.kz


Нақтыланған мәлімет бойынша, шина монтаждауға жабдықталған контейнердің ішінде жабдықтар, ішкі қаптама және резеңке-техникалық бұйымдар жанған.

Өрт сөндірушілер оттан сыйымдылығы 50 литр болатын 2 оттегі баллонын қауіпсіз аймаққа шығарды.

Жалын 25 шаршы метр аумақты шарпыған.

Зардап шеккендер жоқ.

Өрттің себебі анықталып жатыр.