Елорданың Сарайшық ауданында «Заң мен тәртіп» қағидаты мен «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бастамасы аясында «1000 орын – көше саудасы» бағдарламасы бойынша орналастырылған сауда павильондарына тексеру жүргізілді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Мониторинг барысында қолданыстағы заңнама талаптарының сақталуы, оның ішінде эскиздік жобаларға сәйкестігі, абаттандыру жағдайы, өрт қауіпсіздігі талаптарының орындалуы, көші-қон заңнамасының сақталуы, нысандардың нысаналы мақсаты және бақылау-касса аппараттарының болуы тексерілді.

Іс-шараны аудан әкімінің аппараты, Төтенше жағдайлар басқармасы, аудандық Полиция басқармасы, Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы, сондай-ақ «Astana» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ қызметкерлері бірлесіп өткізді.
#законипорядок #заңментәртіп