Сайлаушылар белсенділігі жоғары

Сайлаушылар белсенділігі жоғары
фото: Аманғали Қалжанов

Астанадағы М.Әуезов атындағы №86 мектеп-гимназиясында орналасқан №307 сайлау учаскесінде 3052 сайлаушы тіркелген. Осы учаскенің сайлау комиссиясының төрағасы Ақмөлдір Сағынбайқызының айтуынша, жаңбырлы ауа райына қарамастан сайлаушылардың белсенділігі жақсы, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

"Сағат 11.00-ге дейін жаңбырға қарамай, біраз адам келіп, дауыс беріп кетті. Түстен кейін сайлаушылар одан сайын көбейеді деп ойлап отырмыз.  Таңертең таңдауын жасауға ең алдымен қарт кісілер, кішкентай балалары бар адамдар келді. 18 жасқа толып, алғашқы рет дауыс беріп жатқандарға сыйлықтар таратылып жатыр. Таң атысымен келіп, бірінші болып дауыс берген 80-90 жастағы қарттарға тарту жасадық. Кішкентай балалармен келгендерге тәтті сыйлықтар үлестірдік" дейді Ақмөлдір Сағынбайқызы.