Үркер тұрғын алабындағы «Парасат» ансамблінің әжелері сайлау учаскесіне ән айтып, көтеріңкі көңіл күймен келді. Ақ жаулықты әжелер халық әндерін әуелете шырқап, сайлау учаскесіне ерекше сән берді.

2018 жылы құрылған өнер ұжымының құрамында 60-80 жас аралығындағы 19 өнерпаз әжелер бар. Ансамбльдің репертуарында қазақтың халық әндерімен қатар, елге кеңінен танымал музыкалық шығармалар да бар.

Өнерді өмірінің ажырамас бөлігіне айналдырған әжелер ел өміріндегі маңызды науқаннан шет қалмай, азаматтық ұстанымдарын білдірді. Олар сайлау учаскесінде ән айтып, тұрғындарға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

«Елдің ертеңі үшін әр азаматтың дауысы маңызды. Сондықтан сайлауға келіп, өз таңдауымызды жасау – азаматтық парызымыз», – дейді ансамбль мүшелері.