Сайлауда әр азаматтың дауысы маңызды. Себебі қоғамның ертеңі әрқайсымыздың бүгінгі белсенділігіміз бен азаматтық ұстанымымызға байланысты.
«Менің дауысыма қарап тұр деймісің?» деген түсініктен арылып, сайлауға бейжай қарамау – азаматтық жауапкершіліктің бір көрінісі. Осы ұстанымды берік ұстанған ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Мұхарбек Жәкейұлы бұған дейінгі сайлау мен референдумдарға да тұрақты түрде қатысып, өз таңдауын жасап келеді.
Бүгін де ақын ерте тұрып, Астанадағы «Нұрлы жол» вокзалында орналасқан №507 сайлау учаскесіне барып, дауыс берді.
«Еліміздің ертеңі жарқын болғай!» – деді Мұхарбек Жәкейұлы.
Айта кетейік, сайлау науқанында ел азаматтары өз таңдауын жасап қана қоймай, қоғамдық өмірге белсенді араласудың маңызын да сезіне түсуде.
Асантемір Қаршығаұлы