Сайлау процесінің ұйымдастырылу деңгейі көңіл қуантады

Сайлау процесінің ұйымдастырылу деңгейі көңіл қуантады
фото: жеке мұрағатынан

Бүгін Астана қалалық мәслихатының сайлау учаскесіне барып, азаматтық жауапкершілігімді сезіне отырып, өз таңдауымды жасап, дауыс бердім. 

Сайлау процесінің ұйымдастырылу деңгейі көңіл қуантады. Сайлау учаскелерінде тыныштық пен тәртіп сақталған, барлық жағдай жасалған. Учаскелер жақсы жабдықталып, қажетті ақпараттық-көрнекі материалдар тиісті орындарға орналастырылған.

Сайлау процесі ашық, ұйымдасқан түрде, жақсы деңгейде өтіп жатыр.

Азаматтық парызды орындау – әрбір азаматтың ел болашағына деген жауапкершілігінің көрінісі. Елімізде бейбітшілік, тұрақтылық пен қоғамдық келісім болсын!

Есберген Алауханов, 

Астана қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі