«SAILAU AI» ЖИ-көмекшісі жұмыс істейді

«SAILAU AI» ЖИ-көмекшісі жұмыс істейді
фото: www.election.gov.kz

«Үйден дауыс беруге қалай болады?», «Есептен шығару куәлігін қалай алуға болады?», «Егер сайлаушылар тізімінде болмасаңыз, не істеу керек?» деген және басқа да сұрақтарға Орталық сайлау комиссиясының ресми сайтында жұмыс істейтін Sailau AI ЖИ-көмекшінің көмегімен оңай жауап алуға болады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

ИИ-көмекші мемлекеттік және орыс тілдерінде тәулік бойы, аптасына 7 күн ақпарат ұсынады. Ол «AlemLLM тілдік моделі негізінде әзірленген. ИИ-көмекші Қазақстан Республикасының Конституциясы, конституциялық заңдары және өзге де нормативтік құқықтық актілер негізінде сайлауды ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша ақпаратты іздеуге және ұсынуға арналған. Sailau AI көмекшісін Telegram мессенджерінен де табуға болады. Ұсынылатын жауаптардың сапасы мен дәлдігін арттыру мақсатында қазіргі уақытта ассистентті кезең-кезеңімен қосымша жетілдіру жұмыстары қатар жүргізілуде.