Саябақта отбасылық сайыстар өтті

Саябақта отбасылық сайыстар өтті
фото: Астана қаласының әкімдігі

Елордадағы «Жетісу» саябағында профилактикалық жұмыс аясында спорттық және шығармашылық сайыстардың басын қосқан отбасылық мереке өтті. Оған 10 отбасы қатысты, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Профилактикалық акция кезінде ата-аналарға бала тәрбиесіне көбірек көңіл бөлудің маңызы түсіндірілді. Баламен сенімді қарым-қатынас орнатып, оның қандай ортада жүргеніне назар аудару қажет екені айтылды. Бұл жасөспірімдердің құқық бұзушылыққа араласуының алдын алуға көмектеседі.

Есірткіге қатысты құқық бұзушылықтардың алдын алуға да ерекше көңіл бөлінді. Мамандар ата-аналарға баламен ашық сөйлесудің және оның өз денсаулығы мен қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауын қалыптастырудың маңызын түсіндірді.

Фестивальді Есіл ауданының әкімдігі мен «Замандас» отбасылық аула клубтарын ұйымдастыру ұйымы Астана қаласы Полиция департаментінің қолдауымен өткізді.

Мұндай іс-шаралар ата-аналар мен балалардың жақынырақ араласуына, бір-бірін жақсырақ түсінуіне және отбасындағы қарым-қатынасты нығайтуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар балалардың дұрыс ортада өсіп, тәрбиеленуіне жағдай жасауға ықпал етеді.