Бұл тарихи жазбалар қазақ халқының бай музыкалық мұрасын сақтап қана қоймай, сол кезеңде ұлттық өнердің бүкіл Одақ көлемінде жоғары бағаланғанын айғақтайды. Сол жылдары «Известия» газетінде жарияланған Н. Изгоевтің мақаласында: «Казахи привезли такое искусство, которое близко и понятно не только казахскому народу – оно понятно всем… В протяжных казахских песнях мы слышали голос ковыльных степей», – деп жазылған.

Тарихи жазбалар 2024 жылы ресми түрде ҚР Ұлттық архивінің қорына енгізілді.