Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауы 23 тамыз күні өтеді. Елорда тұрғындары өздерінің сайлау учаскесін онлайн біле алады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Сайлау учаскесі туралы мәліметті нақты уақыт режимінде келесі тәсілдер арқылы білуге болады:
• Ресми веб-сервис арқылы: https://sailau.astana.kz/
• Telegram чат-боты арқылы: https://t.me/sailau_astana_bot
• iKomek бірыңғай байланыс орталығының 109 нөмірі арқылы.
Азаматты белгілі бір сайлау учаскесі бойынша сайлаушылар тізіміне енгізудің негізі оның сол сайлау учаскесінің аумағындағы тұрғылықты жері бойынша тіркелуі болып саналады.