Құқықтық жауапкершілік мәселелері түсіндірілді

Құқықтық жауапкершілік мәселелері түсіндірілді
фото: Астана қаласының әкімдігі

Сарайшық ауданының прокуратурасы «Заң мен тәртіп» нарративі аясында Астана халықаралық университетінің педагогикалық колледжінің студенттеріне дәріс өткізді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Кездесу барысында студенттерге құқық бұзушылықтардың алдын алу, заңдылық пен құқықтық тәртіпті сақтаудың маңыздылығы, сондай-ақ құқыққа қайшы әрекеттер жасағаны үшін жауапкершілік мәселелері түсіндірілді.

Сонымен қатар қатысушыларға жастардың құқықтық санасын қалыптастыруға және құқықтық мәдениетін арттыруға бағытталған «Тоғыз тағдыр» қысқаметражды сериалының 9 бөлімі көрсетілді.
Мұндай іс-шаралар құқық бұзушылықтардың алдын алуға және өскелең ұрпақтың бойында заңға бағыну қағидаттарын қалыптастыруға бағытталған.