Қоғамдық көліктердің жүру бағыты өзгереді

Қоғамдық көліктердің жүру бағыты өзгереді

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына байланысты Астанада бірқатар қоғамдық көліктердің жүру бағыты өзгереді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Елорда тұрғындары мен қонақтарын Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтетін орындарға қоғамдық көлікпен жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында № 18, 37, 303, 323 бағыттардың қозғалыс сызбасы уақытша өзгертіледі. Өзгеріс 15 қыркүйек күнін қоса алғанда болады.

Қала тұрғындары мен қонақтары қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.

Өзгертілген қозғалыс сызбасын суреттен көруге болады.