Астана қаласының Қоғамдық кеңесінде тұрғындарды қабылдау отырысы өтті. Мұндағы мақсат – азаматтардың өтініштерімен жұмыс істеу.
Осыған орай, Қоғамдық кеңес төрағасының міндетін атқарушы Кәрімбек Құрманәлиев азаматтарды қабылдады. Қабылдауға келген қала тұрғыны Ерали Саруаров қаланың дамуына қатысты өзін толғандырған бірқатар мәселені көтерді. Ол «Мені жолдарды қайта жаңғырту және жаңа жолдар салу мәселесі жиі ойландырады. Сонымен қатар көлік қозғалысын біржақты ұйымдастыру, қала аумақтарын абаттандыру, нашақорлықтың алдын алу жұмысы жүйелі жасалса» деді. Сондай-ақ идеология жұмысын жетілдіру және басқа да өзекті мәселелер сөз болды. Кездесу барысында Қоғамдық кеңес төрағасының міндетін атқарушы Кәрімбек Арыстанбекұлы көтерілген мәселелерді жазбаша түрде жинақтап, оларды алдағы уақытта мүдделі әкімдік мекемелерінің қатысуымен өтетін Қоғамдық кеңес отырысында қарастырамыз деді. Қабылдауға Қоғамдық кеңес комиссияларының төрағалары Е.Алауханов, Ю.Келигов және А.Оспанов қатысты.