Иттерді тегін чиптейді

Иттерді тегін чиптейді
фото: видеоскрин

«Астана Ветсервис» мекемесі иттерді тегін чиптейді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

-​Қазақстан Республикасының «Жауапты қатынас жасау туралы» Заңының 11-бабына сәйкес, иттер мен мысықтар чип қолдану арқылы міндетті түрде есепке алынуға тиіс.

​Чиптеу — бұл жай ғана жануарды анықтау құралы емес. Электрондық базада үй жануары мен оның иесі туралы ақпарат, сондай-ақ жүргізілген вакцинациялар мен басқа да ветеринарлық рәсімдер туралы деректер сақталады. ​Бұл жануардың тарихын сақтауға және қажет болған жағдайда оның иесін жылдамырақ табуға мүмкіндік береді, - делінген кәсіпорын берген хабарламада. 
​

Үй жануарларын есепке алу талаптарын бұзғаны үшін жеке тұлғаларға 10 АЕК мөлшерінде — 43 250 теңге айыппұл қарастырылған. ​Тегін чиптеу мәселелері бойынша мына телефон нөмірлеріне хабарласыңыздар:

​8 700 724 82 09
8 700 724 82 08
8 702 359 80 87
8 777 687 89 45
8 777 324 08 95