Елордадағы Достық үйінде Республика күніне орай «Тарих. Тағылым. Мемлекеттілік: Қазақстанның даму жолы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға Астана қаласы Ішкі саясат басқармасының басшысы Бақытжан Жүнісбеков, Құрылтай депутаттары, Қазақстан Халық кеңесінің мүшелері, мемлекеттік органдардың, ғылыми қауымдастықтың, этномәдени бірлестіктер мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Кездесу барысында спикерлер Мемлекеттік егемендік туралы декларацияның ел тарихындағы маңызды рөліне тоқталып, қоғамдық дамудың жаңа моделін қалыптастыруға бағытталған жаңа Конституцияның іргелі қағидаттарын талқылады.
Сонымен қатар қатысушылар қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту, жастардың бойында патриотизм сезімін қалыптастыру мәселелерін сөз етті.
«Біздің міндетіміз — елді сөзбен емес, жүрекпен сүю. Бізге сүйсіне қарайтын мемлекеттер бар. Бізден үлгі алатындар да бар. Құрметті Қазақстан халқы! Елімізге амандық, жерімізге тыныштық тілеймін!» — деді «Халық Қаһарманы», генерал-лейтенант Бақытжан Ертаев.