Медициналық агенттерді даярлаудың тегін практикалық курсы іске қосылады

Медициналық агенттерді даярлаудың тегін практикалық курсы іске қосылады
фото: Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы

Astana Tourism медициналық туризм саласында дамуды, жаңа кәсіби және іскерлік мүмкіндіктерді ашуды көздейтін азаматтарға арналған медициналық агенттерді даярлаудың тегін практикалық курсын алғаш рет іске қосады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Курс бағдарламасы:
* Медициналық туризм саласындағы сарапшы, осы тақырыпта кітаптар авторы Виктория Сандалюктің (РФ) жетекшілігімен оқу;
* Практикалық кейстерді талдау, рөлдік ойындар және шетелдік серіктестермен өзара іс-қимыл жасау құралдарымен жұмыс;
* Астана қаласының медициналық ұйымдарына таныстыру инфотуры;
* «Медициналық агент» сертификатын алу және «Астана қаласының сертификатталған медициналық агенті» мәртебесіне ие болу мүмкіндігі.
 
Кімдер қатыса алады?
Туристік компаниялардың өкілдері, медициналық өкілдер, шетелдік пациенттермен жұмыс жөніндегі үйлестірушілер және халықаралық ынтымақтастық мамандары.
 
Өткізу күні: 2026 жылғы 2–6 қараша
Уақыты: 09:30–13:00
Оқу форматы: офлайн
Өтетін орны: Ramada by Wyndham Astana қонақүйі, Бейбітшілік көшесі, 8.
Қатысу тегін. Орын саны шектеулі.
Өтінімдерді 2026 жылғы 28 қазанға дейін беріңіз:
Google-формаға QR-код арқылы өтіңіз.
 
Қатысушылар алдын ала әңгімелесу нәтижелері бойынша іріктеледі. Өтінім беру курсқа қабылдануға кепілдік бермейді.
 
Сұрақтар мен қосымша ақпарат:
WhatsApp: +7 702 710 90 58, +7 747 387 99 39
Email: medtourism.astana@gmail.com, info@etq.kz