«Атамекен» әнін орындап, челленджді өзге қалаларға жолдады

«Атамекен» әнін орындап, челленджді өзге қалаларға жолдады
фото: Астана қаласының әкімдігі

Астана қаласындағы №99 «Бүлдіршін» балабақшасының педагогтері мен тәрбиеленушілері Республика күніне орай «Атамекен» әнін орындап, патриоттық челленджді еліміздің өзге қалаларындағы балабақшаларға жолдады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Игі бастаманың мақсаты – Өскелең ұрпақтың жүрегіне отансүйгіштік сезімін ұялатып, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру.

Былтыр ғана ашылған балабақша бүгінде 300 бүлдіршінді тәрбиелеп отыр. Мұнда 30 педагог еңбек етеді. Балалардың жан-жақты дамуына арналған заманауи кабинеттер, робототехнология кеңістігі, кітапхана, спорт және акт залдары бар.