Қазақстанда жаңа кәсіби мерекелер пайда болады

Қазақстанда жаңа кәсіби мерекелер пайда болады

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ведомство басшысының 6 жаңа кәсіби мерекені бекітуді көздейтін бұйрығының жобасын дайындады. Құжат 2025 жылғы 10 маусымға дейін жария талқылау үшін «Ашық НҚА» порталында орналастырылған, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

«Кәсіби мерекелердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 258 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығының жобасындағы кәсіби мерекелер тізбесін келесідей атаулы күндермен толықтыруды көздейді:

– 31 қаңтар – Қазақстанның кәсіпкерлері күні;

– 7 шілде – Қазақстанның қолөнершілер күні;

– 9 шілде – табиғи монополиялар саласы жұмыскерлерінің күні;

–  15 қыркүйек – санитариялық-эпидемиологиялық қызмет жұмыскерінің күні;

–  12 қазан – кадр қызметі жұмыскерлерінінің  күні;

–  20 қазан – қоғамдық тамақтандыру саласының жұмыскері күні.

Бұдан басқа, Энергетик күнін мерекелеуді желтоқсанның үшінші жексенбісінен 22 желтоқсанға өзгертіледі.

Жаңа кәсіптік мерекелерді енгізу туралы ұсыныстарға тиісті қызмет салаларының уәкілетті мемлекеттік органдары бастамашылық жасады.