Қазақстанда туберкулезбен сырқаттанушылық 11%-ға төмендеді

Қазақстанда туберкулезбен сырқаттанушылық 11%-ға төмендеді

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың төрағалығымен өткен алқа мәжілісінде туберкулезбен күрес жөніндегі көрсеткіштер ұсынылды.

Елде сырқаттанушылықтың одан әрі төмендеуі байқалады: биылғы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша тыныс алу ағзаларының туберкулезімен сырқаттану деңгейі 10,8%-ға азайды.

Ерте анықтауды күшейту мақсатында алғаш рет ЖЫБНК үшін бонустық ынталандыру жүйесі енгізілді: медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарының қызметкерлері туберкулез бен онкологиялық ауруларды анықтағаны үшін 5 АЕК-ке дейін бонус ала алады — төлемдер бір тоқсанда 2 млн теңгеге дейін жетуі мүмкін. Бұл шара мамандарды ауруларды ерте кезеңде анықтауға ынталандыруға бағытталған.

👀
👀

Профилактика жүйесі негізгі басымдықтардың бірі болып қала береді. Бүгінде фтизиопульмонология орталықтарында шамамен 81 мыңға жуық байланыста болған адам есепте тұр. Жоғары қауіп тобын флюорографиялық зерттеп-қарау жоспары 97,5%-ға, міндетті контингентті зерттеп-қарау 96,3%-ға орындалды. Республика бойынша 26 фтизиопульмонология орталығы жұмыс істейді, 2169 қақырық жинау пункті бар, 3523 төсек орны ашылған.
2025 жылы туберкулезге қарсы іс-шаралардың тиімділігін және нормативтердің сақталуын бағалау үшін 2233 тексеру жүргізілді.

А. Әлназарова сырқаттанушылқықты одан әрі төмендету профилактиканы күшейту, қызметті жаңғырту және қаржыландыруды жетілдіру арқылы ғана мүмкін болатынын атап өтті.

📌
📌

Министрдің тапсырмалары:

● туберкулезге қарсы іс-шараларды қаржыландыру тәсілдерін қайта қарап, профилактика мен ерте анықтауға басымдық беру;
● Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығына және салалық бөлімшелерге қызмет құрылымына талдау жүргізіп, 2026–2028 жылдарға арналған қызметті жаңғырту және туберкулезбен күрес жөніндегі Жол картасын әзірлеу;
● өңірлік денсаулық сақтау басқармаларына — аурушаңдық жағдайын ерекше бақылауға алып, профилактикалық іс-шаралардың жоспарлы көрсеткіштерінің орындалуын қамтамасыз ету.

🔷
🔷

Денсаулық сақтау министрлігі халыққа уақтылы диагностика мен сапалы ем көрсетуді қамтамасыз ету үшін туберкулезді бақылау жүйесін одан әрі күшейтуді жалғастырады.