Қазақстанда «Шекарасыз мәдениет» акциясы жарияланды

Қазақстанда «Шекарасыз мәдениет» акциясы жарияланды

Қазақстанда «Шекарасыз мәдениет» акциясы жарияланды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Қазақстанда қазан айының екінші жексенбісі – Мүмкіндігі шектеулі жандар күні

Ерекше қажеттіліктері бар азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру және әлеуметтік қолдау – мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі.

2024 жылғы 13 қазан мен 31 желтоқсан аралығында өтетін акция аясында I, II және III топтардың ерекше қажеттіліктері бар азаматтар мемлекеттік мәдени ойын-сауық мекемелері өткізетін іс-шараларға тегін қатыса алады.

Акцияның мақсаты – мүмкіндігі шектеулі жандар үшін мәдениет нысандарының қолжетімділігін арттыру, елдің мәдени өміріне қатысуын қамтамасыз ету және олардың проблемаларына қоғам назарын аудару.

Бейінді мемлекеттік мекемелердің мәдени ойын-сауық іс-шараларына ерекше қажеттіліктері бар балалар мен бірінші және екінші мүгедектік тобы бар ересектер тұрақты түрде тегін қатыса алатынын атап өту қажет. Үшінші топ үшін 50 пайыздық жеңілдік қарастырылған.