Елімізде егін жинау науқаны қарқынды жүргізілуде. Бүгінгі таңда дәнді дақылдардың 4,2 млн гектары жиналып, бұл жалпы егіс алқабының 26 пайызын құрайды. Жалпы 5,9 млн тонна астық бастырылды, деп ъабарлайды astana-akshamy.kz.
Дәнді дақылдардан бөлек, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері 112,8 мың тонна майлы дақыл, 684,2 мың тонна картоп (өнімділігі – 241,5 ц/га), 1,9 млн тонна көкөніс (өнімділігі – 286,8 ц/га), сондай-ақ 2 млн тоннадан астам бақша дақылдарын (өнімділігі – 272,6 ц/га) жинап үлгерді.
Көкөніс өнімдерінің жекелеген түрлері бойынша: 340,4 мың тонна қырыққабат (өнімділігі – 374,8 ц/га), 326,9 мың тонна пияз (өнімділігі – 394,2 ц/га), 115,7 мың тонна сәбіз (өнімділігі – 302,9 ц/га) жиналды.
Егін жинау науқаны ұйымдасқан түрде және агротехникалық талаптарға сай мерзімде жүргізілуде.