13 тамызда Дүниежүзілік орган донорлығы күні атап өтіледі. Бүгінде Қазақстанда ағза трансплантаттауы бойынша 4 739 адам, оның ішінде 125 бала күту парағында тұр. Пациенттердің басым бөлігі бүйрек трансплантациясын қажет етеді — 4 208 адам. Тағы 293 адам бауыр ауыстыру үшін кезекте тұр. Жүрек трансплантаттауын — 208, өкпе трансплантаттауын 30 пациент күтуде. Бұл туралы astana-akshamy.kz Денсаулық министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.
2023 жылы 236 операция жасалса, 2024 жылы — 260, 2025 жылы — 310 ота жүргізілді. 2026 жылдың алғашқы жартыжылдығында тағы 150 трансплантаттау жасалды, оның 30-ы қайтыс болған донорлардан алынған ағзалар арқылы орындалды.
Бүгінде Қазақстан азаматтары қайтыс болғаннан кейінгі донорлыққа қатысты өз шешімін алдын ала eGov арқылы тіркей алады. Қазіргі таңда мұндай таңдауды 172 283 адам жасады. Оның ішінде 16 109 адам қайтыс болғаннан кейінгі донорлыққа келісімін білдірсе, 156 174 адам бас тартқан.