Қазақстан Елшілігінде неке қию салтанатты рәсімі өтті

Қазақстан Елшілігінде неке қию салтанатты рәсімі өтті
фото: Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Елшілігі

Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Елшілігінің Консулдық бөлімі Қазақстан азаматы Дмитрий Денисов пен Өзбекстан азаматы Гулхаё Алиеваның некесін мемлекеттік тіркеудің салтанатты рәсімін өткізді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Жетісу өңірінің тумасы Дмитрий мен Самарқанд облысында дүниеге келген Гулхаё 2026 жылы Ташкент қаласында танысқан. Бүгінде тағдырларын тоғыстырған шаһарда екеуі де еңбек етіп, ортақ болашақтарын бірге құруда.

Екі бауырлас ел жастарының жарасымды одағы Қазақстан мен Өзбекстан халықтары арасындағы берік достықтың, тату көршілік пен рухани жақындықтың тағы бір жарқын көрінісіне айналды.

Елшіліктің Консулдық бөлімі жас жұбайларды өмірлеріндегі айтулы сәтпен құттықтап, шаңырақтарына шаттық, сүйіспеншілік, өзара түсіністік пен мол береке тілейді.