Қарттар флешмобқа қатысты

Қарттар флешмобқа қатысты
фото: Астана қаласының әкімдігі

Астанада Қарттар күніне орай флешмоб өтті. Іс-шараны Сарайшык ауданының Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы мен Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасымен бірлесіп ұйымдастырды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

«Нұрлы жол» вокзалының алаңында өткен шараға 70-ке жуық қария қатысты. Мұнда қарияларға арнайы футболкалар ұсынылып, таңғы жаттығу бірыңғай киім үлгісінде өтті. 

-    Таңғы жаттығу Сарайшық ауданы әкімшілігінің ұйымдастыруымен өтіп жатыр. Бұл қарттар мерекесіне орай өткендіктен, дене жаттығуларын жасадық. Белсенді түрде қатысып отырмыз. Жыл сайын осындай шарадан қалмауға тырысамыз, -деді астаналық Мұрат Манханов. 

Қатысушылар әуен ырғағымен дене шынықтыру жаттығуларын бірлесіп орындап, шараның көркін қыздырды. 

-    Қарттар күніне орай Астана қаласы, Сарайшық ауданы әкімшілігі жыл сайын осындай шара өткізеді. Биылғы жылы да осы шара жалғасын тауып отыр. Бүгінгі таңда Белсенді ұзақ өмір сүру орталығына Сарайшық ауданы бойынша мыңнан аса қарттар тіркелген, -дейді Сарайшық ауданы бойынша белсенді ұзақ өмір сүру орталығының бөлім басшысы Ақсұлу Шайдоллақызы.