Прокурорлар елордадағы өрт сөндіру бөлімінде ашық есік күнін ұйымдастырды

Прокурорлар елордадағы өрт сөндіру бөлімінде ашық есік күнін ұйымдастырды
фото: видеоскрин

«Жас Үміт» жобасын және «Заң мен тәртіп» нарративін іске асыру аясында Астана қаласының прокуратурасы Профилактика жөніндегі кеңестің мүшесі Жеңіс Айрат Қайратұлымен бірлесіп Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің №23 өрт сөндіру бөлімінде Ашық есік күнін ұйымдастырды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Іс-шара барысында қатысушылар өрт сөндіру қызметінің жұмысымен, бөлімшенің заманауи техникаларымен танысты. Сонымен қатар, арнайы техникалар мен жабдықтардың көрсетілімі ұйымдастырылып, қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.

Осындай іс-шаралар жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, азаматтық жауапкершілігін арттыруға, қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз ететін мамандықтарға деген құрметін нығайтуға, сондай-ақ заңдылық пен қоғамдық тәртіп қағидаттарын дәріптеуге ықпал етеді.