Прокурорлар елордадағы емхана ұжымымен кездесті

Прокурорлар елордадағы емхана ұжымымен кездесті

«Заң мен тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында елорда прокуратурасы Полиция департаментімен бірлесіп №8 қалалық емхананың ұжымымен кездесу өткізді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Кездесу барысында қызметкерлерге интернет-алаяқтықтың, есірткіге тәуелділіктің және дропперліктің алдын алу, құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының заңды күшіне енген нормативтік қаулыларының ережелері түсіндірілді.

Іс-шара ашық диалог форматында өтіп, емхана қызметкерлері өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, қолданыстағы заңнаманы қолдану бойынша практикалық түсіндірмелер алды.