Астана қаласы әкімдігінің Білім басқармасына қарасты, №119 мектептің оқушылары, ата-аналар, педагогтер және мектеп қауымдастығы отбасы құндылықтарын дәріптеуге байланысты іс-шара ұйымдастырды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Бұл іс-шара «Отбасылық мұрағат: менің отбасымның тарихы» атты атаумен өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – отбасы құндылықтарын насихаттау, ата-ана мен бала арасындағы өзара сыйластықты нығайту, отбасылық тәрбиенің маңызын арттыру және оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Кинофестиваль аясында №119 мектептің оқушылары отбасы құндылықтарын дәріптейтін 3–5 минуттық қысқаметражды фильмдерін ұсынды.

Сонымен қатар қатысушылар отбасы мүшелерінің бір-біріне деген құрметі мен қамқорлығын, ата-ананың тәрбиедегі рөлін, отбасылық дәстүрлерді, бірлік пен ынтымақты, мейірімділік пен жауапкершілікті сахналық қойылымдар арқылы көрсетті.
Іс-шара қорытындысы бойынша үздік жұмыстар анықталды. Жеңімпаздар мен белсенді қатысушылар марапатталды.
-Біздің мектебімізде отбасы құндылықтарын дәріптеуге байланысты, кинофестиваль өтті. Біздің балалар өнерлерін ортаға салды. Отбасындағы құндылықтардың үнемі алдыңғы қатарда тұратынына ден қойылды. Біздің өрендер жанұя жылуын, тәрбиесін кино ретінде жеткізуге тырысты. Бұл – көрермендерге зор әсер етті, – деді мектеп директоры Аллажар Гүлжан.