Оқушылар рекорд жасады

Оқушылар рекорд жасады

Астаналық оқушылар Италияның Рим қаласында өткен халықаралық олимпиадада рекорд жасады.

Fibonacci International Robot Olympiad дүние­жүзілік финалына 18 елден жиналған 623 команда қатысып, логика, инженерия және шығармашылық қабілет бойынша үздіктерді анықтады. 36 жүлде жиынтығы сарапқа салынған әлемдік додада Қазақстан командалары айқын басымдық көрсетіп, жалпыкомандалық есепте І орынды жеңіп алды. Бұл – еліміздің робототехника тарихындағы ең жарқын жетістіктердің бірі. Ең жоғарғы көрсеткіш - Қазақстан иеленген 19 алтын медальдің 17-сін астаналық оқушылар қанжығасына байлады.