Оқу жылы өзгеріспен басталады

Оқу жылы өзгеріспен басталады

Жаңа оқу жылынан бастап мектептерде үш жаңа міндетті курс енгізіледі, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Астанада «Негізгі және жалпы орта білім беру: сапалы өзгерістер және кәсіби даму» атты республикалық жазғы сессия өтіп жатыр. Жиынның ашылу салтанатында Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова жаңа оқу жылындағы негізгі және жалпы орта білім берудің негізгі міндеттері мен басым бағыттарын, енгізілетін өзгерістерді барлық өңірде сапалы әрі бірізді іске асырудың маңызын атап өтті. Сессияның бірінші күні айтылған өзгерістің бірі: жаңа оқу жылынан бастап 5-7-сыныптарда «Конституция негіздері», 8-11-сыныптарда «Заң мен тәртіп», ал 5-11-сыныптарда «Жеке қауіпсіздік» міндетті курстары енгізіледі. Сонымен қатар «Құқық негіздері» пәнінің мазмұны жаңа Конституция талаптарына сәйкес жаңарып, білім алушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға бағытталады.