«Астана жастары» жастар ресурстық орталығы «Заң және тәртіп» қағидаты және «Jarqyn Bolashaq» жобасы аясында «Ойыннан шығу» атты жаңа подкаст түсірілімін бастады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Подкастта аса өзекті тақырыптардың бірі — жастардың қаржылық сауаттылығы кеңінен талқыланды. Әңгіме нақты өмірлік мысалдар мен пайдалы кеңестерге құрылып, қаржылық тәуекелдердің алдын алу, ойланбай қабылданатын шешімдерден сақтану және қаражатқа дұрыс көзқарас қалыптастыру мәселелеріне арналды.
Подкасттың спикері — медиа-шолушы, аудиокітаптар авторы Бекзат Қосай, ол жастарға түсінікті кеңестерімен және тәжірибесімен бөлісті.
Жаңа шығарылым жақын арада жарық көреді, бізбен бірге болыңыздар!