Ойын-сауық орындарында профилактикалық рейд жүргізілді

Ойын-сауық орындарында профилактикалық рейд жүргізілді
фото: Астана қаласының әкімдігі

«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында елорданың «Сарыарқа» ауданындағы ойын-сауық орындарында профилактикалық рейд жүргізілді,  деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Профилактикалық шараларды «Сарыарқа» ауданы әкімінің аппараты аудандық прокуратура және Полиция басқармасымен бірлесіп ұйымдастырды.

Рейд барысында келушілерге қылмыстық құқық бұзушылықтар, оның ішінде қоғамдық орындарда және алкогольдік масаң күйде жасалған құқық бұзушылықтар үшін көзделген жауапкершілік түсіндірілді.

Ойын-сауық орындарында заңда көзделген жауапкершілік туралы түсіндірме ақпараттық материалдар орналастырылды. Мұндай шаралар құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау және аудан тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында өткізіледі.

#законипорядок #заңментәртіп