Ойын-сауық орындарында есірткіге қарсы рейд өтті

Ойын-сауық орындарында есірткіге қарсы рейд өтті
фото: Астана қаласының әкімдігі

«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы, Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күні, сондай-ақ «Астана – есірткісіз қала» іс-шаралар жоспары аясында елордадағы ойын-сауық орындарында профилактикалық рейд ұйымдастырылды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Іс-шараға әкімдік, прокуратура және полиция қызметкерлері қатысты. Рейдтің мақсаты – нашақорлықтың алдын алу, есірткінің заңсыз айналымына байланысты қылмыстардың жолын кесу және жастар көп жиналатын демалыс орындарында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету.

Рейд барысында ойын-сауық орындарының әкімшілігі мен қызметкерлерімен профилактикалық түсіндіру жұмысы жүргізілді.

Қатысушылар есірткі құралдары мен психотроптық заттарды тарату және пайдалану үшін заңда көзделген жауапкершілік туралы түсіндірді.

Сондай-ақ қоғамдық тәртіптің сақталуына, құқық бұзушылықтарға себеп болатын факторларды анықтауға және азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға ерекше назар аударылды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай іс-шаралар салауатты өмір салтын насихаттауға, заңға бағыну мәдениетін қалыптастыруға және елорда тұрғындары мен қонақтары үшін қауіпсіз қалалық орта құруға бағытталған.

#законипорядок #заңментәртіп