Өлеңмен өрілген өмір

Өлеңмен өрілген өмір

Ұлттық музейде көрнекті ақын, Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Фариза Оңғарсынованың туғанына 85 жыл толуына арналған «Өлеңмен өрілген өмір» атты әдеби-сазды кеш өтті.

Әдеби-сазды кештің мақсаты – ақынның өмірі және шығармашылығымен таныстыру, ақын поэзиясын насихаттау, жырлары арқылы жастарда отансүйгіштік рухты ояту, туған елімізді, жерімізді сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу.

Іс-шараға белгілі қаламгерлер, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, К.Байсейі­това атындағы Қазақ ұлттық өнер университеті, М.Жұмабаев атындағы халықаралық колледж студенттері, Ф.Оңғарсынова атын­дағы №77 мектеп-гимназия­сы, А. Байтұрсынұлы атындағы BINOM SCHOOL мектеп-лицейі, А.Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп-гимназиясы оқушылары қатысып, ақынның жауһар жырларын оқып, сөзіне жазылған әндерді орындады. Музей қорындағы ақынның жеке тұтынған заттары, фотосуреттері мен кітап көрмесі таныстырылды.

Әдеби-сазды кештің мақсаты – ақынның өмірі және шығармашылығымен таныстыру, ақын поэзиясын насихаттау, жырлары арқылы жастарда отансүйгіштік рухты ояту, туған елімізді, жерімізді сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу.

Аманғали ҚАЛЖАНОВ