Нысандар Астана қаласының дизайн-кодына сәйкес реконструкцияланады

Нысандар Астана қаласының дизайн-кодына сәйкес реконструкцияланады
фото: Астана қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы

Астана қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқарма басшысының орынбасары Аян Смағұлов азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Жеке қабылдау барысында ғимараттарды реконструкциялау, жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгерту, жаңа тұрғын кешендерін салу мәселелері қарастырылды.

Басқарма басшысының орынбасары ғимараттарды реконструкциялаудың негізгі шарттарын түсіндірді. Барлық жұмыстар құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес атқарылуы тиіс екенін атап өтті. Реконструкция барысында Астана қаласының Дизайн-кодында белгіленген қасбеттерді безендіруге және олардың түсіне қатысты қойылатын негізгі талаптарды ескеру қажеттігін айтты. Сондай-ақ, Аян Смағұлов негізгі шарттардың бірі – нысанды көлік тұрақтарымен қамтамасыз ету, ал олардың саны нысанның түріне байланысты анықталатынын жеткізді.

Басқарма басшысының орынбасары азаматтарды әр сәрсенбі күні сағат 10:00-де жеке қабылдайды.

Еске саламыз, қабылдауға жұмыс күндері сағат 16:00-ге дейін 55-69-57 телефоны арқылы жазылуға болады.