Нұра ауданының прокуратурасы аудан әкімдігімен және полиция басқармасымен бірлесіп, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды анықтау және олардың жолын кесу мақсатында кезекті рейдтік іс-шаралар өткізді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Іс-шаралар қорытындысы бойынша алкоголь өнімдерін заңнамада тыйым салынған уақытта сатудың 4 фактісі, сондай-ақ темекі бұйымдарын қыздыруға арналған құрылғыларды (кальяндарды) заңмен тыйым салынған орындарда пайдаланудың 15 фактісі анықталды.
Анықталған барлық құқық бұзушылықтар бойынша 19 кінәлі тұлғалар заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылды.
Аталған бағыттағы жұмыстар жалғасуда.
Аудан прокуратурасы заң талаптарын сақтау әрбір азаматтың міндеті екенін еске салады. Елорда тұрғындары мен қонақтарын қоғамдық тәртіпті сақтауға, азаматтардың құқықтарын құрметтеуге және әкімшілік әрі қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғатын құқық бұзушылықтарға жол бермеуге шақырамыз.