Елімізде 1000-ға жуық мектепте заманауи пәндік кабинеттер орнатылған, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
🇰🇿
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша шағын қалаларда, аудан орталықтарында және ауылдық жерлерде мектептерді жаңғырту жұмыстары жалғасуда.
🔬2024 жылдың қорытындысы бойынша 967 мектепте рекордтық саны — 1621 робототехника, химия, биология, физика және STEM-пәндер бойынша заманауи пәндік кабинеттер жабдықталған. Оның ішінде 601 мектеп ауылдық жерлерде, 366 мектеп қалаларда орналасқан. Бұл мектептерде 760 мыңнан астам оқушы білім алады.
🔔2029 жылға қарай кемінде 7000 заманауи пәндік кабинеттер ашу жоспарланған.
«Мемлекет жыл сайын мектептерді салуға және жаңғыртуға қаражат бөледі. 2023 жылдан бастап 2039 мектепте 3128 заманауи пәндік кабинет жабдықталды», — дейді Инфрақұрылымды дамыту департаментінің директорының орынбасары Роза Сембаева.
Сонымен қатар елде инклюзияны қолдау кабинеттері қарқынды ашылуда. Бүгінгі таңда елімізде 1080 қолдау кабинеті жұмыс істейді, оның 216-сы 2024 жылы ашылған. 2025 жылдың соңына дейін барлық балалар үшін қолжетімді және жайлы оқытуды қамтамасыз ететін тағы 83 кабинетті іске қосу жоспарланып отыр.