Музей қызметкерлері жазасын өтеушілерге «Бостандықтан тыс өнер» дәрісін өткізді

Музей қызметкерлері жазасын өтеушілерге «Бостандықтан тыс өнер» дәрісін өткізді
фото: Бірлескен музейлер дирекциясы

Бүгін Бірлескен музейлер дирекциясының тарихи-мәдени мұраны сақтау бөлімінің жоспарына сәйкес Астана қаласындағы №64 мекемеде қылмыстық-атқару жүйесі контингентіне арналған «Бостандықтан тыс өнер» тақырыбында тағылымды дәріс өткізілді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Іс-шараның басты мақсаты – рухани-адамгершілік құндылықтарды дәріптеу, шығармашылық арқылы тұлғаның жан-жақты дамуына қолдау көрсету және мәдениетке деген қызығушылықты арттыру. Өнердің күші адамға өз ойын жеткізуге, өмірге жаңа көзқараспен қарауға және болашаққа сеніммен қадам басуға мүмкіндік береді.

Арнайы контингенттің әлеуметтік белсенділігін арттыру және оларды мәдени өмірге тарту мақсатында жыл сайын түрлі дәрістер мен жылжымалы көрмелер ұйымдастырылып келеді. Өйткені мәдениет пен өнер – адамды рухани жаңғыртатын, қоғаммен байланыстыратын маңызды құндылықтардың бірі.