Астана қаласында «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының лауреаттарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
2026 жылы конкурсқа 3 611 өтінім түсті. Қатысушылардың 60%-ын ауылдық жерлерде тұратын отбасылар құрайды.

«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы – ұрпақтар сабақтастығын сақтаудың, отбасылық дәстүрлерді дәріптеудің және қазақстандық отбасылардың оң тәжірибесін таратудың маңызды алаңы.

Конкурс жыл сайын Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйымдастыруымен өткізіледі. Конкурс тарихына сандар арқылы көз жүгіртейік.