Мемлекет басшысының Жарлығымен Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен Ұлытау облысының әкімі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Есет Байкен - Ұлытау облысы құрылған сәттен бастап тағайындалған өңірдің үшінші әкімі.
Есет Байкен 1986 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. Қазақ гуманитарлық-заң университетін "Қаржы" мамандығы бойынша, сондай-ақ Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін "Құқықтану"мамандығы бойынша оқып, тәмамдаған.
Еңбек жолын 2008 жылы Астана қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасында бастаған. Әр жылдары елорда әкімінің аппаратында жұмыс істеді, ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің басшысы болды, Президент Әкімшілігінде сарапшы және мемлекеттік инспектор лауазымдарын атқарды. 2019 жылы Қарағанды облысы Нұра ауданының әкімі болып тағайындалды, кейін елорда әкімінің аппаратын басқарды. Сондай-ақ Сарыарқа ауданының әкімі болып жұмыс істеді. 2022 жылдың қыркүйегінен бастап Астана әкімінің орынбасары қызметін атқарды.