Астана қаласындағы Әлихан Ермеков атындағы №38 мектеп-лицейінде музыка пәнінің мұғалімі Нұржан Қанафин Ахметбекұлының «Ғасырлар үні» атты шығармашылық кеш өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Кештің басты ерекшелігі – ұстаздың шәкірттерімен бірге бір сахнада өнер көрсетуі болуы. Жас ұстаз осыдан бес жыл бұрын мектептегі 2300 оқушының 1000-нан астамына домбыра тартуды үйреткен. Бүгінгі таңда Нұржанның шәкірттері ұлттық өнерді насихаттап, түрлі додалардан жеңімпаз болып жүр. Нұржан Ахметбекұлының айтуынша жас ұрпақтың күйге деген қызығушылығын арттырып келеді.

Шығармашылық кеште ұстаз бен шәкірттер қазақтың күмбірлеген күйлерін орындап, көрерменге ерекше әсер сыйлады. Бұл кеш – домбыра өнерін дәріптеп жүрген ұстаз еңбегінің және шәкірттерге деген шығармашылық қолдаудың жарқын көрінісі болды.
- «Кербез» өнер орталығында домбыра пәнінен сабақ беремін. Осы орталықта бес жылдан астам уақыт еңбек етіп келе жатырмын. Бұл жерде шәкірттер тәрбиелеудемін. Шағын ғана шығармашылық кешімде шәкірттеріммен бірге өнер көрсеттік. Домбыраға қызығушылығы бар балалардың жаман болмайтынын айтқым келеді. Нәтижесі де жоқ емес, конкурстарға қатысып шәкірттерім жүлделі орындарды иеленіп жүр, -дейді өнер иесі Нұржан Қанафин.