Мектепке дейінгі мекемелерде көптеген заң бұзушылықтар бар

Мектепке дейінгі мекемелерде көптеген заң бұзушылықтар бар

Астана қаласы прокуратурасының тексеру нәтижелері бойынша мектепке дейінгі мекемелерде көптеген заң бұзушылықтар анықталды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Балабақшаларда жалақысы заңсыз есептелген жалған қызметкерлер жұмысқа орналастырылған.

Анықталған жымқыру фактілері  бойынша Қылмыстық кодекстің 189-бабы негізінде сотқа дейінгі тергеу басталды.

Демалыс кезеңінде мектепке дейінгі жеке мекемелердегі орындарды сақтау үшін ата-аналардан негізсіз ақы алу жағдайлары орын алған.

Қадағалау органының араласуынан кейін шарттар қолданыстағы заңнамаға сәйкестендірілді.

Жекелеген балабақшаларда мерзімі өткен дәрілік заттар сақталған, сондай-ақ құрамында сынап бар шамдарды сақтау және жою кезіндегі бұзушылықтар анықталды.

Қадағалау актілері бойынша бұзушылықтарды дереу жою үшін шаралар қабылданды, кінәлі тұлғалар жауапқа тартылды.