LRT жүйесіне қызметкерлер іріктеліп жатыр

LRT жүйесіне қызметкерлер іріктеліп жатыр

«City Transportation Systems» ЖШС Астанадағы жеңіл рельсті көлік (LRT) жүйесінде жұмыс істеу үшін қызметкерлерді қабылдау басталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды  astana-akshamy.kz.

Компания мына лауазымдарға үміткерлер іздейді:

Станциялардың ауысым басшылары;

Станция кезекшілері;

Жылжымалы құрам орталығының қозғалыс диспетчерлері;

Жылжымалы құрам орталығының орталықтандыру бекетінің диспетчерлері;

LRT жабдықтары мен инфрақұрылымын басқару орталығының диспетчерлері;

Дабыл техниктері;

Байланыс техниктері;

Электр монтерлері;

Жол жөндеу учаскесінің шеберлері;

Жабдықтарды жөндеу слесарьлары;

Қойма меңгерушілері.

- LRT жүйесінде жұмыс істейтін болашақ мамандарды оқыту жұмыс беруші есебінен жүргізіледі. Теориялық және практикалық дайындық Қазақстанда және Қытай Халық Республикасында өтеді. Курстың ұзақтығы мамандыққа байланысты - 4-6 ай. Бағдарлама аяқталған соң қатысушыларға халықаралық үлгідегі сертификат табысталып, барлығы LRT бөлімшелеріне жұмысқа орналастырылады, - делінген ақпаратта.

Үміткерлерге қойылатын талаптар:

– көлік, машина жасау, электр техникасы немесе тиісті салалар бойынша жоғары немесе орта-арнаулы білім;
– кемінде 2 жыл жұмыс тәжірибесі.

Толық біліктілік талаптары cts.gov.kz сайтында жарияланған. Түйіндемелер осы сайт арқылы қабылданады.

Айта кетейік, Астанада LRT желісі Қосшыға қарай ұзартылады.