LRT-ның тағы екі жылжымалы құрамы Астанаға жеткізілді

LRT-ның тағы екі жылжымалы құрамы Астанаға жеткізілді

Жеңіл рельсті көлік желісін (LRT) сынақтан өткізу бойынша жоспарлы іс-шаралар шеңберінде Астанаға келесі екі жылжымалы құрам жеткізілді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

17 және 18 қазанда құрамдар эстакадаға орнатылады:

- 17 қазанда бірінші құрам – Қабанбай батыр даңғылы «Астана жұлдызы» стелласы маңындағы №104 және №105 станциялар арасындағы аралықта;
- 18 қазанда екінші құрам – Ш. Қалдаяқов көшесі мен Тәуелсіздік даңғылының қиылысында, №113 (Министрліктер үйі) және №114 (Ұлттық музей) станциялар арасындағы аралықта.

18 қазан сағат 00:00-ден 19 қазан сағат 06.00-ге дейін мамандандырылған техниканы пайдалана отырып, көтеру-монтаждау жұмыстарын орындауға байланысты Ш. Қалдаяқов көшесі мен Тәуелсіздік даңғылы қиылыстарында автокөліктердің қозғалысы уақытша шектеледі.

Тұрғындар мен жол қозғалысына қатысушылардан уақытша шектеулерді ескеруді және сапарлардыалдын ала жоспарлауды сұраймыз.