Конституцияда әр азаматтың өміріне қатысты маңызды құқықтар мен бостандықтар бекітілген

Конституцияда әр азаматтың өміріне қатысты маңызды құқықтар мен бостандықтар бекітілген
фото: Aqorda

Конституцияны тек заңгерлер білуі керек деген түсінікпен келіспеймін. Себебі онда әр азаматтың өміріне қатысты маңызды құқықтар мен бостандықтар бекітілген, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Білім алу, еңбек ету, медициналық көмекке жүгіну және жеке өмірдің қорғалуы — күнделікті тіршілігімізде кездесетін мәселелер. Осындай құқықтарды білу адамның өзіне деген сенімін арттырады.
Құқықтық сауаттылықты мектептен бастап үйреткен дұрыс деп ойлаймын. Жас кезінен заңды түсініп өскен адам өз құқығын қорғауды ғана емес, өзгелердің де шекарасын құрметтеуді үйренеді. Бұл қоғамда өзара сыйластықтың қалыптасуына және адамдардың жауапкершілігінің артуына ықпал етеді