Конституция адам өмірін, құқықтары мен бостандықтарын мемлекеттің ең жоғары құндылықтарының бірі ретінде бекітеді

Конституция адам өмірін, құқықтары мен бостандықтарын мемлекеттің ең жоғары құндылықтарының бірі ретінде бекітеді
фото: Aqorda

Қазақстан Конституциясы адамның өмірін, құқықтары мен бостандықтарын мемлекеттің ең жоғары құндылықтарының бірі ретінде бекітеді. Бұл қағидалар күнделікті өмірде нақты көрініс табады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Білім алу, еңбек ету, медициналық көмекке жүгіну, заң көмегін алу және жеке өмірдің қорғалуына кепілдік берілуі, азаматтың құқықтық қауіпсіздігінің маңызды негіздері.

Цифрландыру дәуірінде адамның құқықтарын қорғау жаңа бағыттармен толықтырылып келеді. Жеке деректердің қауіпсіздігі, электрондық коммуникациялар мен банк ақпаратының құпиялылығы ерекше маңызға ие. Құқықтық сауаты жоғары азамат өз мүмкіндіктерін тиімді пайдаланып, заңды мүдделерін сенімді қорғай алады.