«Көңілім әнді ұғады»

«Көңілім әнді ұғады»
фото: Астана қаласының әкімдігі

Астанадағы Тәттімбет атындағы №1 өнер мектебінде ұлы ақын, ойшыл әрі Абай Құнанбайұлының туған күніне орай «Көңілім әнді ұғады» атты кеш өтті. Рухани кеш барысында ақынның әндері мен өлеңдері орындалып, қара сөздері оқылып, ұлттық музыка арқылы Абай мұрасы дәріптелді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Кеште өнер мектебінің педагогтері мен білім алушылары Абайдың кеңінен танымал әндерімен қатар сирек орындалатын музыкалық шығармаларын орындап, қара сөзінің тәрбиелік мәніне тоқталды. Сондай-ақ ұлттық аспаптар ансамблі мен оркестрінің орындауындағы туындылар көрерменге тарту етіліп, ақын мұрасының көркемдік және музыкалық қырлары жан-жақты насихатталды.
Тәттімбет атындағы №1 өнер мектебінің директоры Алмас Сүлейменнің айтуыншаАбай мұрасын насихаттау өскелең ұрпақтың ұлттық санасын қалыптастырудағы маңызды міндеттің бірі. Шығармашылық кеште өнер көрсеткен оқушылар да Абай шығармашылығының олардың дүниетанымына оң әсер етіп жатқанын атап өтті.