Коммуналдық қызмет атын жамылған алаяқтардан сақ болыңыз!

Коммуналдық қызмет атын жамылған алаяқтардан сақ болыңыз!
фото: polisia.kz

Соңғы уақытта алаяқтар өздерін жылу қызметінің мамандары ретінде таныстырып, тұрғындарға қоңырау шалуда. Олардың мақсаты – жеке мәліметтеріңізге немесе банк шотыңызға қол жеткізу, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Алаяқтар әдетте:

– жылу есептегішін тіркеу керек;

– өтініш қалдырғансыз;

– құжаттарыңызды жаңарту қажет;

– берешегіңіз бар немесе жеңілдік рәсімдейміз
деген сияқты сылтаулар айтады.

Кейін олар телефонға келген SMS-кодты сұрайды. Бұл кодты ешкімге айтуға болмайды.

SMS-код арқылы алаяқтар:

– банк қосымшасына кіруге;

– мемлекеттік сервистердегі аккаунттарға қол жеткізуге;

– сіздің атыңыздан заңсыз әрекеттер жасауға әрекет етуі мүмкін.

Өзіңізді қорғау үшін:

 телефон соққан адамның кім екенін тексеріңіз;

 SMS-кодты, банк картасының деректерін, CVV-кодты және жеке мәліметтерді ешкімге бермеңіз;

 күмәнді жағдайда әңгімені тоқтатып, ұйымның ресми нөміріне өзіңіз хабарласыңыз;

 бейтаныс адамдардың нұсқауымен ешқандай қосымшаны жүктемеңіз және сілтемелерге өтпеңіз.

Полиция коммуналдық қызмет өкілдері тұрғындардан телефон арқылы SMS-кодты сұрамайтынын еске салады.

Егер осындай қоңырау түссе:

 әңгімені бірден тоқтатыңыз;

 кодты айтпаңыз;

 жақындарыңызға ескертіңіз;

 алаяқтық әрекет болған жағдайда полицияға хабарласыңыз.

 Сақ болыңыз! Бір ғана SMS-кодты айтып, барлық қаражатыңыздан айырылып қалмаңыз.