Көшпенділердің отты әуендері

Көшпенділердің отты әуендері

Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның концерт ­залында «The nomad’s fire» этно-шоуы өтті.

Ежелгі көшпелі дәстүрлер мен заманауи музыканы мың бұралған бимен ұштастырған этно-шоудың басты ерекшелігі – эстрада-симфония оркестрінің жанды дыбысы. Вир­туоз музыканттар этно-рок, этно-­­джаз, этно-фанк және этно-фьюжн элементтерін біріктіре отырып, көрермендерге ерекше композициялар ұсынды. Оркестр залды қуатты энергиямен және жанды тебірентетін дыбыс­тармен толтыра, домбыра, қобыз, жетіген және басқа да дәстүрлі аспаптардың заманауи өңдеудегі қайталанбас үнін тыңдарманға жеткізді. Шоудың тағы бір тартымды бөлігі – би ұжымының қо­йылымдары. Кәсіби бишілер халықтық және заманауи би стильдерінің элементтерін біріктіре отырып, көрермен­дерді ежелгі дәстүрлер мен заманауи интерпретациялардың сиқырлы әлеміне апарды. Бұған қоса, кеште қазақтың халық әндері жаңа өңдеуде шырқалды.