Бүгін Астана қаласындағы №32 мектеп-гимназиясында «Кітап оқитын ұлт» республикалық кітап оқу марафоны аясында «Ұстаз. Кітап. Шабыт» атты кездесу де ұйымдастырылды.
Кездесу барысында марафонның негізгі мақсаты – қоғамда кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, балалар мен жастардың әдебиетке қызығушылығын арттыру, тұрақты оқырман ортасын қалыптастыру және өскелең ұрпақтың зияткерлік әлеуетін дамыту екені сөз болды.
Кездесу барысында «Кітап оқитын ұлт» жобасының Астана қаласы бойынша жобалық офисінің басшысы Жақсыбай Боранбаев марафонның маңызына тоқталды.
«Кітап оқитын ұлт» марафоны – кітап оқуды кеңінен насихаттап, жас ұрпақтың әдебиетке қызығушылығын арттыруға және оқу мәдениетін қалыптастыруға бағытталған республикалық бастама. Мақсатымыз – зиялы ұлт қалыптастырып, жарқын болашаққа жол ашу. Бүгінгі оқушылар сапалы білім алып, ертең өз ісінің білікті маманы болса, бұл еліміздің дамуы мен қуатына үлкен үлес қосады», – деді Жақсыбай Боранбаев.
Шапағат Әбдір